Астана қаласының Жастар саясатын қолдау қоры ұйымдастырған дәстүрлі «Жастар жалыны - 2015» фестивалінің гала-концерті өтті.
Жас таланттардың басын біріктірген фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы құрметіне өткізілді.
Шара аясында «Эстрадалық және халық әндері» және «Халық билері» аталымдары, «Астана жүрегімде!» тақырыбында «Поэзия» аталымы, «Астана келісім және бейбітшілік қаласы!» тақырыбында «Үздік блогер» аталымы, «Жеңісті жақындатқан күн» тақырыбында «Үздік студенттік театр» аталымы, «Бес жарым ғасыр жырлайды» тақырыбында «Айтыс», «Студенттің бір күндік өмірі» тақырыбында «Үздік бейнеролик» аталымы және «Үздік сельфи», «Көркемсурет» аталымдары бойынша жүлделі орындар үлестірілді.
Жеңімпаздар гала-концерт барысында марапатталды.
Байқауға елорданың 14 жоғары оқу орнынан 1000-ға жуық студент қатысты.