М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынында «Театр көктемі – 2015» фестивалі басталды.
Театр ұжымының бір жылғы еңбегінің қортындысын шығарып, көрерменге ұсынуды басты мақсат еткен фестиваль биыл 20-шы рет ұйымдастырылып отыр.
Театр өнерін зерттеушілер, мәдениетанушылар мен драматургтер, режиссерлер құрамына енетін Қазылар алқасы биылғы «Театр көктемі – 2015» фестивалінде: «Жүз жылдық махаббат» екі бөлімді драма (Дулат Исабеков), «Дон Сезар де Базан» комедия (Ф.Дюмануар мен А.Д*Эннери), «Отелло» үш бөлімді трагедия (У. Шекспир, аударған М.Әуезов), «Қорқыттың көрі» аңыз дастан (авторы Иран – Ғайып), «Шыны хайуанат» (авторы Томас Линар Уильямс) бес спектакль талқыланбақ.
Жүлдегерлер фестивальдің арнайы дипломымен және сыйкәделерімен марапатталады.