Ш.Уәлиханов атындағы әскери оқу орнына кадеттерді іріктеу кезеңі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ш.Уәлиханов атындағы әскери оқу орнына кадеттерді іріктеу кезеңі басталады

14.03.2015
Ш.Уәлиханов атындағы әскери оқу орнына кадеттерді іріктеу кезеңі басталады

Осы уақытқа дейін ҚР Қарулы Күштерінің кіші командалық құрамын  2 200-ден астам маманмен бітірген. Бүгінгі таңда кадеттік әскери қызметшілер түрлі бөлімдер мен бөлімшелерде Қарулы Күштердің бас сержантынан бастап бөлімше командирлеріне дейінгі лауазымдарда әскери қызметтерін лайықты атқарып жүр.

Жуырда Кадет корпусында оқуға 17 мен 21 жас аралығындағы жас азаматтар, сондай-ақ, 23 жастан аспаған келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер қабылданады. Оқу бағдарламасы бір жыл он ай мерзімге есептелген.

Кадеттер оқу аяқталысымен «басқару» мамандығы бойынша диплом алады, сонымен қатар «Әскери басқарудың (менеджер) кіші маманы» біліктілігі, «3-сыныпты БМП жүргізуші механигі» және «В», «С» санатындағы автокөлік жүргізушісі куәліктері беріледі.

Хабарламаларға жазылу