Мәдениетсіз адам болса да, мәдениетсіз ел болмайды. Ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын, ұлтымыздың терең тарихымен қоса өрілген сол көне мәдениетімізден бастап, оның жетістігі мен кемшін тұстары, жалпы бүгінгі хал-ахуалы қалың оқырмандардың назарынан тыс қалмауы керек.
«Мәдениет» журналы да қазақ мәдениетінің барлық саласын – кино, театр, сурет, сәулет, музыка, археология, көрермен мәдениеті, қолөнер, қысқасы, саясат мәдениетінен бастап тұрмыстық мәдениет аралығындағы мәселелерге дейін проблемалы мақалалар жариялап келеді.
«Мәдениет» журналы – шыға бастаған он жыл ішінде республикаға белгілі болып, қалың көпшіліктің көңілінен шыққан басылымдардың біріне айналып отыр.
Журналдың 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған концертті бүгін Ұлттық арнадан сағат 18.50-де тамашалаңыз.