Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол қымыз бен шұбатты көбірек ішуге кеңес береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол қымыз бен шұбатты көбірек ішуге кеңес береді

13.03.2015
Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол қымыз бен шұбатты көбірек ішуге кеңес береді

Айта кетейік, конференция барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков арзан сүт ұнтақтарын пайдаланып, дүкендерде оны «табиғи сүт» ретінде сататындарды сынға алған.

Оның айтуынша, қазір сүт өнімдерін шығаратын зауыттарға табиғи сүтті сатып алғаннан гөрі Ресейден әкелінетін арзан ұнтақты пайдаланып, соны табиғи сүт ретінде саудаға шығару тиімді.

«Өкінішке қарай, біздің нарықта тұтынушыларды алдау басым. Мәселен, сүт деген атауға лайық емес тауардың сыртына «табиғи сүт» деп жазып қояды», - деді А. Мамытбеков.

Өз кезегінде АҚШ Елшісі Джордж Крол мырза министрдің сөзімен келісе отырып, оны толығымен қолдайтынын айтты. «Шындығында, Қазақстанда дүкен аралағанда қағаз сүт қораптарының сыртында, сүт пакеттерінде жазылғанды оқып, мен шынымен бұл табиғи сүт пе деп күмәнданамын. Сондықтан да, мен шұбат пен қымыздың үлкен қолдаушысымын. Жұрт қымыз бен шұбат ішсін. Олар ағзаға өте пайдалы», - деді АҚШ елшісі.

Сонымен қатар, Джордж Крол шұбат пен қымыздың әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігіне де қосар үлесі зор екенін атап өтті. «Мен жалпы қымыз бен шұбатты қолдаймын», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу