Қазақ радиосы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен республикалық «Менің елім – Мәңгілік ел!» балалар шығармашылық радиобайқауын ұйымдастырады.
Мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштік рухқа баулу, оларды этносаралық үйлесім мен халықтар достығын сақтауға үйрету.
Байқауға Қазақстанның барлық мектеп оқушылары қатыса алады.
Өтініш қағазында:
а) Оқушының аты-жөні,
ә) мектебі мен сыныбы,
б) тұрғылықты жері (облыс, аудан, ауыл) көрсетілуі тиіс.
Байқауға қатысушылар «Менің елім - Мәңгілік ел» тақырыбындағы авторлық шығармаларын (эссе немесе өлең) мемлекеттік және ресми тілдерде ұсына алады. Сондай-ақ, тапсырылатын шығарма көлемі А4 қағазына 14 шрифтпен компьютерде терілген 1 беттен аспауы тиіс және мәтіннің таспаға түсірілген MP3 форматтағы аудионұсқасы болуы шарт. Аудиотаспа мен шығарманы, өтініш қағазымен қоса mkaz@kaztrk.kz электронды поштасына жіберулеріңізге болады.
Егер қатысушының арнайы дыбыс жазу студиясында жазуға мүмкіндігі болмаса, онда шығармасын тыныш, жаңғырмайтын жерде сапалы телефон диктофонына жазып жіберуіне болады.
Ескерту! Ғаламтордан немесе қандай да бір автордың шығармасынан көшірілген туынды байқауға алынбайды.
Айта кетейік, байқауға қатысушылардың шығармалары 2015 жылдың 22 наурызынан бастап 25 қазанға дейін қабылданады.
Байқауға алынған шығарма мәтіні мен мазмұнына, көркемдік ерекшеліктеріне, сөйлем құрылысы мен мән-мағынасына қарай іріктеледі (Іріктеу турын Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзеге асырады).
Ал, «үздік» деп танылған шығармалар Қазақ радиосының, «Шалқар» ұлттық арнасы мен Астана радиосының эфирлерінен беріледі. Сонымен қатар, www.kazradio.kz және www.assembly.kz сайттарында жарияланады.
Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Астана қаласы Д.Қонаев көшесі, 4,
«Қазмедиа орталығы», 4-қабат, Қазақ радиосы;
Байланыс телефоны: 8 (717) 255-32-5;
Электронды пошта: mkaz@kaztrk.kz