Мемлекет басшысы: Бұл жолғы заңдастыру шетелдік шотта қаражатын сақтаған қазақстандықтар үшін соңғы заңдастыру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы: Бұл жолғы заңдастыру шетелдік шотта қаражатын сақтаған қазақстандықтар үшін соңғы заңдастыру

11.03.2015
Мемлекет басшысы: Бұл жолғы заңдастыру шетелдік шотта қаражатын сақтаған қазақстандықтар үшін соңғы заңдастыру

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі  жылдан кейін 17,5 миллион  қазақстандық шығысымен қатар табысын да декларациялайтыны туралы мәлімдеді.

ҚР Президенті бұл жолғы заңдастыру шетелдік шотта қаражатын сақтаған қазақстандықтар үшін соңғы заңдастыру екендігін ескертті.

«2 жылдан кейін 17,5 млн адам шығысымен қатар табысын да декларациялайтын болады. Сол кезде қиын мәселе туындайды. Өздеріңіз де көріп отырғандай, қыр астына да қазір ештеңе жасыра алмайсың.

Таяуда ғана британдық HSBC банкі өздерінде қаржысын сақтаған бүкіл әлемнің 100 мың адамының тізімін жариялады. Қалаған адамыңды табуыңа болады. Ол жақта біздің отанымыз жоқ, ол жақта ешкім де күтіп отырмайды. Бәрі осында», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мүлкі мен қаржысын заңдастырушылар ешқандай жауапкершілікке тартылмайтындығын тағы бір ескертіп өтті.

«Қазақстанға ақшаларыңызды әкеліңіздер, олар жұмыс істесін. Мүмкін біз артық кеткен шығармыз, мүмкін 5 жыл күту керек емес шығар. Мүмкін кейбір тетіктерін, құқық қорғау мәселелерінде жақсарту қажет шығар», - деді ҚР Президенті.

Хабарламаларға жазылу