Н.Назарбаев: Қазақстан өнімі 100 пайыз экологиялық таза екеніне кепіл беремін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Қазақстан өнімі 100 пайыз экологиялық таза екеніне кепіл беремін

11.03.2015
Н.Назарбаев: Қазақстан өнімі 100 пайыз экологиялық таза екеніне кепіл беремін

Қазақстан өнімінің 100 пайыз экологиялық таза екендігіне кепіл беремін. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

 «Бұл - барша қазақстандықтар үшін патриоттық акт. Барлығы өзіміздікі болғанын қаласақ, өзіміздің өнімді тұтыну қажет. Біздің өнімнің 100 пайыз экологиялық таза екендігіне кепіл беремін. Тіпті, ДСҰ-ның мәліметтеріне сәйкес, адам ағзасына барынша пайдалысы  -дүниеге келген жерден өнген өнім, сол жердің суы», - деді ҚР Президенті.

Елбасы отандық өнімді тұтыну кәсіпкерлеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетінін айта келе, кәсіпкерлер де өнімдерінің балама тауарлардан сапасы кем болмауы тиістігін ескертті.

Хабарламаларға жазылу