«Заңғардың соққысы да керемет. Кермеден асып ұрғанда, тордың астымен доп қайта бері өтуі мүмкін. Қайырып тұрып соғады», дейді бапкері.
200-ден атсам ел мүшелікке кіретін Халықаралық волейбол федерациясының тақтасында есімі жазулы тұрған Октябрьдей аға бапкер неліктен Заңғарды бөле-жара айтты екен? Волейболдың шын шебері туралы біз не білеміз?
«Одақтас республикалардың ішінде Мәскеудің командалары ешкімге дес бермейтін. Бірақ, Алматының «Буревестнигі» одақтың чемпионы болып шыға келеді. 1969 жылы Октябрь Жарылқапов 37 жасында дүниеден озды. Алайда, ол 1965 жылы Қазақстан Спорт комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалады. Бірақ, волейболдан да қол үзбейді.
Шәкірттері Заңғар Жәркешев пен Марат Мәденовті «Буревестниктің» жаттықтырушылығына бекітеді. Италия, Қытай, Моңғолия, Еуропа, КСРО командаларын Алматыға оқу-жаттығу жиынына шақырады. Сөйтеді де, қазақ азаматтарын алаңға отырғызып қойып, камераға түсіріп, волейболшылардың ойын тактикаларын зерттейді», дейді спорт журналисі Қыдырбек Рысбек.
Октябрь Жарылқапов өзі кетсе де, көзіндей болып қалған шәкірттері үмітін ақтады. Заңғар Жәркешев, Марат Мәденов, Жанбек Сауранбаевтар КСРО Чемпионы атанып қана қоймай, 1970, 1971 жылдары Еуропа чемпиондары кубогының екі мәрте жеңімпазы атанды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.