Шымкентте алғаш рет мамандандырылған балалар тіс емханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте алғаш рет мамандандырылған балалар тіс емханасы ашылды

07.03.2015
Шымкентте алғаш рет мамандандырылған балалар тіс емханасы ашылды

Шымкентте алғаш рет мамандандырылған балалар тіс емханасы ашылды. Емханада үш дәрігерлік кабинет жұмыс істейді.

Мұнда он алты жасқа дейінгі жеткіншектердің тісін емдеуге болады. Дәрігерлер балалардың тісін емдеу үшін бірінші кезекте психологиялық көмек көрсетеді.

«Baby smile»  медициналық мекемесінің ерекшелігі - балаларды ойната отырып емдейді. Ересектерге қарағанда балалардың тісін емдеу - қиын. Бұл тіс ауруының күрделілігінен емес, бүлдіршіндердің дәрігерлерден қатты қорқуы қиындық тудырады. Енді мұның барлығы артта қалды», - дейді мамандар.

Себебі мұнда дәрігерлер балаларға әдеттегідей ақ халатта емес, түрлі-түсті киімде қызмет көрсетеді. Тісін емдеткен әр балаға сыйлық та беріледі.

Сондай-ақ, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін емхана ерекше жабдықталған. Мұндағы түрлі ойыншық, қабырғаға салынған суреттер ертегіден сыр шертеді.

Айта кетейік,  мұнда бір ай бойы тегін профилактикалық тексеруден өтуге мүмкіндік жасалған, деп жазады otyrar.kz.

Хабарламаларға жазылу