«Таңшолпанда» - Сара Тыныштығұлова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Сара Тыныштығұлова

06.03.2015
«Таңшолпанда» - Сара Тыныштығұлова

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы 50 жылдан аса ғұмырын «Қазақконцерт» сахнасында өткізген ҚР Халық әртісі Сара Тыныштығұлованы мерекесімен құттықтай барды.

Халық әртісіне өнерге алғаш қадам басқан сәтте, әнін тыңдап, бағыт-берген адам – әнші Жамал Омарова. Ұстазын Сара Тыныштығұлова: «Жамал апаның әндерін бала кезімізден тыңдап өстік. Ол кісі қазақтың кең даласындай ерекше жан еді. Менің анамдай болып кеткен адам»,-деп еске алады.

Әнші тағы бір ұстазы Ирма Яунзем туралы да жылы пікір білдірді. «Мәскеудегі Бүкілодақтық  эстрада  студиясына  оқуға түскен кезімде мені  Ирма Яунземмен бірге  Валерия Барсова деген Үлкен театрдың әншісі үш кезеңнен өткізген еді. Осындай тұлғалардың арқасында мен оқуға қабылдандым.

Сол Ирма Яунзем әлемнің 54 тілінде ән шырқаған, дүниежүзін аралаған қазақтың ұлы әншісі 1925 жылы Әміре Қашаубаевпен бірге Парижде ән салғанын айтып отыратын. «Біз Әмірені – Әмрешка дейтінбіз. Дауысы ерекше еді», деп еске алатын. Ирма Яунземнің қазақ халқына деген ықыласы ерек болатын. Өзі де кезінде қазақтың «Дудар-ай» әнін орындаған».

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу