«Айтуға оңайда» - «Айгүл» ансамблі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңайда» - «Айгүл» ансамблі

05.03.2015
«Айтуға оңайда» -  «Айгүл» ансамблі

1968 жылы одақ көлемінде алғашқылардың бірі болып, Қазақстанда тек қыздардан тұратын ансамбль құрылды. Ол – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының жанынан құрылған вокалды-аспаптық «Айгүл» халық ансамблі еді.

«Айгүл» жастарды жан-жақты тәрбиелеуге, ілгері жүруге, жігерлiлікке, сұлулыққа, өмірге құштарлыққа, ұлттық музыканы сүюге, еңбекке баулыды. Тыңдаған жандарды өнерге, өмірге құштар етті»,-деп еске алады  өнер ұжымының алғашқы мүшесі әрі квартеттің құрылуына бірден-бір еңбегі сіңген әнші-ұстаз Ағайша Исағұлова.

Репертуарларында қазақтың халық әндері, басқа этностардың ән-билері болды. Ансамбль  гастрольдік сапармен бұрынғы одақтас республикаларды, Югославия,  Германия, Франция және Жапонияны аралады.  

Бүгінде ансамбльдің алғашқы мүшелері Сақыпжамал Ұзақбаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Галина Қарамолдаева, Ағайша Исағұлова – профессор, әнші-композитор, Дина Ерғалиева, Гүлнар Бегалиева, Меңсұлу Ысқақова – ғылым кандидаттары. Ал, Марфуға Жүнісова – халыққа білім беру саласының үздігі.

Талайды тамсандырып, ұлттық мәдениеттің эталонына айналған «Айгүл» ансамблінің негізгі құрамы не себепті  тарады? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу