Театр өнерінде моноспектакль деген жанр бар. Яғни, бір немесе екі актер толық қойылымды ойнап шығады. Бұл әрине, тісқаққан сахна шеберлерінің ғана қолынан келетін іс.
Бүгін «Таңшолпанда» Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» туындысын моноспектакль түрінде ойнаған актер Сафуан Шәймерден қонақта болды.
«Мұндай спектакль қоюға менің шығармашылық ізденісім себеп болды»,-дейді актер.
«Дүниежүзінде бұл туынды мюзикл ретінде, симфониялық бағытта қойылған. Мультфильм, бейнеклиптер бар. Бірақ, моноспектакль ретінде алғаш қолға алған мен екенмін».
Айта кету керек, 9 наурыз күні Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Кішкентай ханзада» көрермен назарына ұсынылады.
Моноспектакльдің кейбір үзіктерін «Таңшолпан» сюжетінен көре аласыздар.