Бүгін – Әлихан Бөкейхановтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Әлихан Бөкейхановтың туған күні

05.03.2015
Бүгін – Әлихан Бөкейхановтың туған күні

«Елдің тұрмысын, тілін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды». Бұл сөздің авторы Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов.

«Әлихан Бөкейханов – XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғасы. Ол – қозғалыстың міндетін, мақсатын,  стратегиялық, тактикалық күрес құралдарын анықтаған адам»,- дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді.

Алаш қозғалысы және Алаш үкіметінің алғышарттары өзгеден көш ілгері болуды көкседі.  

Сол кездері ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов бірегей талант иесі болды. Білікті саясаткер, білімді әдебиеттанушы, кәсіби геолог және тұңғыш энциклопедист. Бұл оның азаматтығының көпқырлылығын айқындайтын қасиеттер. Осы қасиеттерінің арқасында Әлихан Нұрмұхамедұлы  қазақ зиялыларының басын бір арнаға қосып, мемлекеттіліктің қалыптасуы үшін аянбай тер төкті.

Тарихшы профессор Мәмбет Қойгелді Әлихан Бөкейхановтың тағдырын қазақ ұлтының өмірімен бөліп қарау мүмкін емес екенін айтады.

«Ол себебі ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі болатын. Кез келген ұлт-азаттық қозғалыстың көсемінің тағдыры осылай қайғылы аяқталған. Тіпті, Ресей аумағындағы ұлттардың Әлихан Бөкейханов сияқты көсемдерінің көшбасшыларының тағдыры басқаша болуы мүмкін емес еді»,-дейді ол.

Әлихан Бөкейханов қазақ журналистикасының қалыптасуына, бұдан бөлек, кітап шығару ісіне де ерекше ден қойған. Оның тапсырмасы бойынша бірқатар алашордашылардың еңбектері жарық көрді.

Қазақ ұлтының мақтанышы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу