Бүгін – «Қара шаңырақтың» соңғы бөлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Қара шаңырақтың» соңғы бөлімі

02.03.2015
Бүгін – «Қара шаңырақтың» соңғы бөлімі

«Қара шаңырақ» - отбасы құндылықтарын насихаттайтын бірден-бір отандық туынды. Телехикаяның көрерменін бірден тапқан себебі – қарапайым қазақ отбасы, әке аманаты, ана махаббаты, бауырлардың сыйластығы.

Күнделікті өмірде кездесетін қуаныш пен қайғы, сәтсіздік пен сатқындық, әркімнің отбасында болатын басқа да жағдайлар телехикаядан көрініс тапқан. Бұл – көрерменге бір табан жақын болғандықтан, туындының рейтингі де жоғары болды.

Кәсіпкер Әлішер, спортшы Дәулет, қара шаңырақпен қатар, шаруашылықтың да тізгінін ұстаған Мәди. Бұл үш кейіпкер үш түрлі, мақсаттары да әрқилы. Бірақ, оларды біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – Қара шаңырақ.

Телехикая қалай аяқталады? Бүгін 21.50-де Ұлттық арнадан көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу