Сарапшылар: Қазақстанда бала шетінеу көрсеткіші 90-жылдарға қарағанда әлдеқайда төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Қазақстанда бала шетінеу көрсеткіші 90-жылдарға қарағанда әлдеқайда төмендеген

25.02.2015
Сарапшылар: Қазақстанда бала шетінеу көрсеткіші 90-жылдарға қарағанда әлдеқайда төмендеген

Қазақстанда бала шетінеу көрсеткіші 90-жылдарға қарағанда әлдеқайда төмендеген. Бұл туралы бүгін Астанада БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) техникалық қолдауымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырған еліміздегі патронажды қызметті бағалау және халыққа біріккен медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету үлгісін әзірлеу бойынша өткен дөңгелек үстел барысында БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдігінің үйлестірушісі Айгүл Нұрғабылова мәлім етті.

«Қазақстанда бала шетінеу көрсеткіші 90-жылдарға қарағанда әлдеқайда төмендеген. Мұны халықаралық сарапшылар да растауда. Яғни, 90-жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда 68 пайызға төмен. Ол кезде 1000 сәбиге шаққанда 53 сәби шетінеген болса, ал бүгінде 1000 сәбиге шаққанда 16 сәби шетінейді», - дейді ол. 

Оның айтуынша, Қазақстанның батысы мен оңтүстік өңірлерінде, Алматы мен Қызылорда облыстарында бала шетінеу көрсеткіші жоғары. Ал, Шығыс Қазақстан облысындағы көрсеткіш өте жақсы.

«Биылдан бастап Қызылорда және  Маңғыстау облыстарындағы жағдайды жақсарту жұмыстарын жүргіземіз», - дейді  Айгүл Нұрғабылова.

 

Сурет: mamka.ru

Хабарламаларға жазылу