«Анаммен араласпаймын...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Анаммен араласпаймын...»

24.02.2015
«Анаммен араласпаймын...»

«Адамның күні адаммен». Алайда, өзге тұрмақ, туған анасымен ат құйрығын кесіскен жандар да бар.

Қандай да бір себеппен анасымен араласпайтын бойжеткен бүгін «Әйел бақыты» студиясында сырымен бөліседі. Туыстық қарым-қатынастың бұзылуына не себеп? Ес жиып, етегін жинаған жастар ата-ана, туған-туыс, бауырдан алыс кетуге неге құштар?

Арман қуып үлкен қалаға кеткендер жақындарымен араласа ма? Туыстармен жылына бір рет кездесіп тұру жеткілікті ме? Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу