Жәдігерші Азат Әкімбек: Біз қолымыздағы байлықты насихаттай білуіміз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәдігерші Азат Әкімбек: Біз қолымыздағы байлықты насихаттай білуіміз керек

23.02.2015
Жәдігерші Азат Әкімбек: Біз қолымыздағы байлықты насихаттай білуіміз керек

Танымал жәдігерші Азат Әкімбек Қазақ хандығының 550 жылдығына орай біршама құнды заттар жинаған. Оларды жыл бойы өтетін көрмелерге қоймақшы. Соның ішіндегі ең қымбат дүниесі XII ғасырдан бері сақталып келе жатқан шырақ. Оның айтуынша, жәдігерді атақты ақындар мен ғұламалар пайдаланған болуы мүмкін.

Азат Әкімбектің көне бұйымдарға деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Өзі бұл туралы: «Әжем көптеген аңыз-әңгімелерді білетін. Содан бір күні «Балам, менде бір керемет дүние бар», деді.  Бірақ, ол дүниесін бала кезімде көрсетпеді. Тек есейген шақта, сандықтың түбінен күміс пен жезден жасалған құманды сыйлады. Құманды көргенде таң қалдым. Өрнектері ерекше»,-дейді.

«Біз қолымыздағы байлықты насихаттай білуіміз керек. Оны сыртқа шығару қажет.  Сол кезде біздің ел кеңірек таныла түседі. Менің негізгі мақсатым – осы арқылы жастарға тәрбие беру».

Жәдігершінің қорында 18-19 ғасырларға жататын ат әбзелдері, батырлардың сауыт-саймандары, сондай-ақ, ерлер мен әйелдердің тұрмыста қолданған дүниелері жетерлік.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу