Таразда Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Отбасына барар жол» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Отбасына барар жол» акциясы өтті

05.03.2015
Таразда Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Отбасына барар жол» акциясы өтті

Бүгінде балалар үйінде 168 бала тәрбиеленіп жатса, олардың 125-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар. 

Игі шара осында тәрбиеленіп жатқан балалардың өмір жолы мен жеткен жетістіктерін насихаттай отырып, оларды қамқорлыққа беру мен әлеуметтік ортаға дайындау мақсатында ұйымдастырылды.

Бүгінде балалар үйінде 168 бала тәрбиеленіп жатса, олардың 125-і ата-анасының қамқорлығыгнсыз қалғандар.

Осында еңбек ететін үш тәрбиеші отбасыларына 13 баланы асырап алуда.

Солардың бірі – Гүлсара Бақтаева. Көпбалалы ана көпсінбестен қамқорлықсыз қалған бір отбасының 5 баласын бауырына басыпты.

Қайырымды жанның қанатының астына баруға балалар өздері ниет білдірсе керек. Ана жүрек айналып кете алмаған.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу