Геннадий Головкин: Мигель Коттоны келесі қарсыласым ретінде көргім келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин: Мигель Коттоны келесі қарсыласым ретінде көргім келеді

22.02.2015
Геннадий Головкин: Мигель Коттоны келесі қарсыласым ретінде көргім келеді

WBA (Super) тұжырымының  чемпионы және WBC (Interim)  тұжырымының уақытша чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин  британиялық Мартин Мюррейді техникалық нокаутпен жеңген соң WBC тұжырымың қазіргі чемпионы – пуэрторикалық Мигель Коттомен  жекпе-жек өткізетініне үміттенетінін айтты.

«Мигель Котто қазіргі кезде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, сол себепті мен оны келесі қарсыласым ретінде көргім келеді. Менің мақсатым – орта салмақтағы барлық белбеудің иесі атану», дейді allboxing.ru сайты.

Айта кетейік, Геннадий Головкин өткен түні Монаконың Salle des Étoiles аренасында британиялық Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізіп, 11-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

allboxing.ru

Хабарламаларға жазылу