Францияның ұлттық киножүлдесі «Cesar» сыйлығын табыстау салтанаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның ұлттық киножүлдесі «Cesar» сыйлығын табыстау салтанаты өтеді

21.02.2015
Францияның ұлттық киножүлдесі «Cesar» сыйлығын табыстау салтанаты өтеді

Францияның ұлттық киножүлдесі «Cesar» («Сезар») сыйлығын табыстау салтанаты биылғы жылы Париждің «Шатле» театрында өтпек.

40-шы рет тапсырылғалы отырған марапат үшін бәсекеге  әйгілі франциялық сәнгер Ив Сен-Лоран туралы екі фильм түседі.

Осыған дейін ең көп - 10 аталым бойынша марапатқа режиссер Бертран Бонеллоның «Сен-Лоран» («Saint Laurent») биографиялық туындысы ие болған.

9 аталым бойынша Том Кальенің «Истребители» (Combattants), 8 аталыммен Абдеррахман Сисаконың «Тимбукту» («Timbuktu») картинасы марапатталған.  

Киносыншылар «Үздік фильм» атағына «Сен-Лоран» мен «Тимбукту» картиналары түсуі мүмкін дегенді айтады.

«Үздік актриса» аталымы бойынша  бәсекеге Жюльет Бинош («Зильс-Мария»), Марион Котийяр («Два дня, одна ночь»), Карин Виар («Семейство Белье»), Адель Анель («Истребители»), Катрин Денев («Женщина во дворе»), Эмили Декьен («Не в его стиле») және Сандрин Киберлен («Обожаемая») түседі.

Басты  үміткер - Жюльет Бинош.

Ал, Гаспар Ульель («Сен-Лоран»), Пьер Нине («Ив Сен-Лоран»), Гийом Кане («В следующий раз я буду стрелять в сердце»), Нильс Ареструп («Дипломатия»), Франсуа Дамьен («Семейство Белье») Ромэн Дюри («Новая подружка») және Венсан Лакост («Гиппократ») «Үздік актер» аталымында бақ сынамақ.

Басты үміткерлер - Гаспар Ульель мен Пьер Нине.

«Cesar» жүлдесі Францияның кинематография және техника өнері академиясымен 1976 жылдан бастап беріліп келеді. Жеңімпаздарды академияның 4 мыңнан астам мүшесі жасырын дауыс беру арқылы анықтайды.

Киножүлде 22 аталым бойынша беріледі.

Фото: ria.ru

Хабарламаларға жазылу