Талантты режиссер Айсұлтан Сейітов түсірген бейнебаян АҚШ-тағы белді байқаудың үміткерлер тізімінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талантты режиссер Айсұлтан Сейітов түсірген бейнебаян АҚШ-тағы белді байқаудың үміткерлер тізімінде

24.07.2019

Отандасымыз, талантты режиссер Айсұлтан Сейітов түсірген бейнебаян Америкадағы белді байқаудың үміткерлер тізіміне енді. MTV Video Music Awards 2019 байқауына оның 21 Savage және J.Cole атты рэп орындаушыларына арнап түсірген клипі ұсынылған. Жылдың ең үздік видеосы аталымында оның туындысы Ариана Гранде, Тэйлор Свифт, Билли Айлиш сынды атақты әншілердің бейнебаяндарымен бірінші орынға таласады. MTV арнасының сыйлықтарын табыстау салтанаты тамыздың 26 күні өтеді. Айта кетейік, Айсұлтанның бұл еңбегі ақпан айында ғаламторда жарияланған. Қазіргі таңда оны 156 миллион адам көріп үлгерген.  

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу