Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындары алдында есеп беріп, 2014 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын қорытындылады. Кездесу барысында әкім базарларды жаңғырту мәселесін айтты.
«Біздің қаламыздың көркі ескі базарлар емес, сәулетті сауда орындары болуы керек. Қалалық инфрақұрылымды дамыту 21 базар бойынша жүргізіліп жатыр. 7 базардың жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылуда. Бұл жұмыс оңай болған жоқ. Үлкен ақша жүрген жерде, дау-жанжал болады. Қаламызда тағы да 9 сауда орнының құрылысы жалғасып жатыр», - деді А.Есімов. Оның айтуынша, басты мақсат санитарлық тазалықты сақтап, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.