2014 жылы инфляция 7,4 пайызды құрады - Е.Досаев
2014 жылы инфляция 7,4 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«2014 жылы Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтардағы айтарлықтай өзгеру жағдайында дамыды. Мәселен, өткен жылы мұнай мен темір рудасының бағасы екі есе төмендеді», - деді Е.Досаев.
Министр 2014 жылы ел экономикасы 4,3 пайызға өсіп, өндірістік өсім 0,3 пайыз, ал ауыл шаруашылығында 1,8 пайыз құрағанын еске салды.
«Негізгі капиталға инвестициялар 3,9 пайызға өсті. Жұмыссыздық деңгейі бес пайыз деңгейінде қалды. Инфляция 7,4 пайызды құрады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, орташа айлық еңбекақы 120 мың 500 теңгені құрап, нақты мәнде 3,9 пайызға өскен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08