Ермұхан Бекмаханов – көрнекті ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, елімізде «Қазақстан тарихы» кафедрасының негізін қалаушы, профессор.
Кеңес дәуірінде Бекмахановтар әулетінің Абылай хан ұрпағы екені ашық айтылмады. Тек бүгінгі күні ғана олардың ұлтымыздың мақтанышы Абылайдың тікелей ұрпақтары екендігін жұрт жақын біле бастады.
Осы тақырыпты қазақ баспасөзінде алғаш көтерген Шота Уәлиханов былай деп жазады: «...Абылай ханның баласы Уәлидің кіндігінен он төрт ұл ұзағаны белгілі. Соның біреуі – Тәуке. Тәукеден Жанпейіс, одан Жанбабек тараған. Жанбабек үш ұл көрген: Бегедай, Беген, Жошы. Бегеннен Бекмахан мен Жармұхамед тарайды.Бекмаханнан Тоқаш, Дінше және Ермұхан туады».
Бүгін 17.00-де Ұлттық арнадан «Жарқын бейне» хабарын көріңіз.