Нәсіпті молайтудың бірден бір жолы – кәсіпкерлікті қолдау. Мемлекеттік бағдарламалардың түп-тамырында елдің әл-ауқатын арттыру, қай салада болса да, бәсекелестікке лайықты болу міндеті межеленген. Сол міндеттің бірегейі – кәсіпкерлікті қолдау саясаты.
Бүгінгі таңда жеке кәсіппен айналысып, ел дамуына үлес қосуға ниетті азаматтар саны көп. Оның үстіне Үкімет отандық өнімді өндіріп, алыс-жақын шетелдерге экспортқа шығарамын деген жеке кәсіпкерлерге шағын және қайтарымсыз несиелер беріп, жан-жақты қолдау көрсетуде.
Президенттің кәсіпкерлік саясатты қолдау туралы тапсырмасына байланысты сауалдарға «Өзекжарды» хабарының бүгінгі қонағы жеке кәсіпкер Қайырлы Таукен жауап береді. Бүгін 17.50-де Ұлттық арнадан көре аласыздар.