Елбасы «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевты қабылдады

25.11.2018

«Ақ жол» демократиялық партиясының мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда және оны халыққа түсіндіруде рөлі ерекше. Бейсенбі күні Азат Перуашевты қабылдаған Мемлекет басшысы партияның жұмысына осылай баға берді. Азат Перуашевтың тәжірибелі Парламент депутаттарының бірі екенін, ол басқаратын саяси ұйымның нақты жұмыстармен айналысатынын айтты. Ал, партия жетекшісі өз кезегінде биылғы Жолдаудың негізгі бағыттарын орындау барысы туралы және отандық бизнесті қолдау мақсатындағы ұсыныстары туралы айтып берді.

Хабарламаларға жазылу