Калининград губернаторы Николай Цуканов КТК президенті Александр Масляковтың «Голосящий КиВиН» фестивалін Юрмаладан Ресейдің Светлогорск қаласына ауыстыру туралы бастамасына қолдау білдірді.
Губернатор КТК президентіне 15076 адамның қолы қойылған қағазды тапсырған. Бұл туралы ол өзінің «Twitter» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Светлогорск - РФ Калининград облысында орналасқан курортты қала.
Алдағы жазда мұнда фестивалді өткізуге мүмкіндік беретін 1,5 мың адамға арналған Эстрада театрын салу жоспарлануда.
«Голосящий КиВииН» - Юрмалада өтетін КТК командаларының жылсайынғы музыкалық фестивалі.
Фото. ria.ru