Құрлықтық хоккей лигасы директорлар кеңесінің отырысы 27-ақпанда Санкт-Петербургте өтеді.
Жиын барысында чемпионат күнтізбесі, жоғары жалақы мөлшерін белгілеу және т.б мәселелер қаралмақ.
Құрлықтық хоккей лигасының вице-президенті Дмитрий Курбатов «КХЛ-ТВ» эфирі арқылы директорлар кеңесінде сонымен қатар, хоккейшілердің «жасырын арендасы» туралы сұрақтар қаралатынын жеткізді.
Айта кетсек, лиганың жаңа президенті Дмитрий Чернышенконың жетекшілігімен ҚХЛ басқармасының алғашқы басқосуы 24 қаңтарда Сочиде өткен.