Астана әуежайында ресми такси жұмыс жасай бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайында ресми такси жұмыс жасай бастайды

13.02.2015
Астана әуежайында ресми такси жұмыс жасай бастайды

Астана қаласының әуежайында сәуір айынан бастап ресми такси жұмыс жасай бастайды.

Мұндай шешім Азаматтық авиация комитеті, әуежай және Астана қаласының әкімдігі, сондай-ақ Көліктегі ішкі істер департамент және басқалардың қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды.

ААК төрағасы Бекен Сейдахметов осы міндеттерді іске асыру мақсатында Инвестициялар және даму министрлігі астаналық әуежайдағы заңсыз қызмет көрсетіп жүрген таксистердің жұмысын тоқтату жоспары  әзірленгендігін атап өтті.

Айталық, жоспар бойынша  таксистердің заңсыз қызмет көрсетуін тыюға бағытталған қосымша шаралар ескерілген. Ол үшін сырттан келіп жастқан жолаушыларды тасымалдайтын таксомотор паркін конкурстық негізде белгілейді.

Таксиді әуежайдың шектеулі мүмкіндігі бар аумағынан шықпай шақыртуға болады. Ресми таксидің қызметі жөнінде авиажолаушы ұшу кезінде-ақ хабардар етіледі. Тіптен әуежай ғимаратында қаланың схемасы, аудандар және аяққы нүктеге дейін жетудің бірыңғай құны жайында қысқа ақпарат орналасқан баннерлер қойылады.

«Біз жолаушының қауіпсіздігін ең басты орынға қоюдамыз. Яғни оның қауіпсіздігінің алдын алу мен қауіп-қатерден сақтандыру, таксомоторлық қызмет сапасын қамтамасыз ету - біздің басты міндетіміз болып саналады. Астыртын тасымалдаушылардың қызмет көрсетуінен астаналық әуежайдың, қаланың кіреберісіндегі басты айнасы ретіндегі  имиджі нашарлайды. Астаналық және басқа әуежайлардағы мұндай жағдайға мүлдем жол беруге  болмайды», - деп атап көрсетті Бекен Сейдахметов.

Сонымен бірге, Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) әуежайлар әуежай мен қала аралығындағы қауіпсіз және жедел көлік байланысының барлық  талаптарына сай болуын талап етуде екендігін атап өткен абзал.

Хабарламаларға жазылу