Астана әуежайында жолаушыларды ресми такси тасымалдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайында жолаушыларды ресми такси тасымалдайды

15.05.2015
Астана әуежайында жолаушыларды ресми такси тасымалдайды

«Airport Management Group» атқарушы компаниясының қолдауымен Астана халықаралық әуежайы жолаушыларды ресми тасымалдаушыны таңдау бастамасын көтерген еді. Байқау нәтижесінде «Zhebe» таксомоторлы компаниясы жеңімпаз, деп танылды.

Айта кетейік, осы жылдың   16 сәуірінде Астана халықаралық әуежайы ресми тасымалдаушы компаниясымен келісімшарт бекіткен-тін. Осыған байланысты  1 мамырдан бастап келіп-кеткен жолаушыларды «Zhebe» таксомоторлық компаниясы тасымалдауда.

Жолақысы бекітілген тариф бойынша төленеді: таңғы сағат 07:00-ден түнгі 22:00-ге дейін 1 шақырым бағасы 90 теңге, түнгі 22:00-ден таңғы 07:00-ға дейін – 100 теңге.

Хабарламаларға жазылу