Аятбек Қозыбаев: Портретте ең бастысы – адамның көзін дәл түсіру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аятбек Қозыбаев: Портретте ең бастысы – адамның көзін дәл түсіру керек

13.02.2015
Аятбек Қозыбаев: Портретте ең бастысы – адамның көзін дәл түсіру керек

Аятбек Қозыбаев – №8 орта мектептің оқушысы. Бейнелеу өнерін жанына серік еткен дарын.

«Сурет өнеріне деген қызығушылығым 12 жасымнан басталды. Алғашқыда қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеевке еліктедім. Менің негізгі бағытым – портрет жанрына әуеспін. Мұнда ең бастысы – адамның көзін дәл түсіру керек. Одан кейін форма өзінен өзі келе береді»,-дейді жас өнерпаз.

«Сурет салу әзірге  хоббиім. Бірақ, болашақ мамандығымды да осы саламен байланыстырғым келеді. Өзім архитектор болуды армандаймын».

«Көбіне, Әбілхан Қастеев пен Леонардо да Винчидің туындылары туралы көп білуге тырысамын. Солардың өнері қатты қызықтырады».

«Менің ойымша, бейнелеу өнерінің ең оңай бағыты – натюрморт, ал, ең күрделісі – пейзаж. Себебі, табиғатты айқын көрсету өте қиын»,-дейді Аятбек.

Студияда отырып жүргізуші Жансерік Берікқазының портретін салған Аятбектің өнерін «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу