Жүйелі реформалар - ел өркендеуінің негізі: Халық пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүйелі реформалар - ел өркендеуінің негізі: Халық пікірі

23.09.2022

Президент сайлауын соңғы үш жылда жүзеге асқан барлық саяси реформалар тұрғысынан қарастырған жөн. 2019-2022 жылдары Президенттің саяси бастамаларының өте үлкен пакеті заңнамалық деңгейде іске асты. Енді қазір сайлау арқылы аталған реформаларды нақты орындау, оны бекіту кезеңі басталды.

Ең бастысы, біздің мемлекет жастарға қолдау көрсету арқылы қадам жасап отырса, дәл осындай қадам жастар да жасау керек деп ойлаймын. Өйткені 20 қараша күні барлық жастар бірігіп, сайлауға барып дауыс беру ол әр адамның міндеті деп ойлаймын. Сондықтан алдағы сайлауды әрине қолдаймыз.

Мысалы үшін жолдауда көптеген реформалар айтылып жатты ғой. Ол білімге де байланысты. Әлеуметтік көптеген сұрақтар да, талқыланып жатыр. Оның барлығы біздің Президенттің ұсынысы ғой. Енді оны ары қарай жалғастыру үшін, саяси ұстаным болуы керек. Ол сөз жүзінде қалып қоймай жалғаса беруі үшін.

Әділетті Қазақстан дегенін қолдаймын. Яғни, халыққа салады. Халықтың арасынан сайлайтыны. Халықтың пікірімен санасатыны. Соның бәрі көңілімнен шығып жатыр. Жеті жыл өкілеттігінде елдің әлеуметтік жағдайы жақсарсын. Әрине, қатысамын. Сайлауға қатысамын.

Президентіміздің 7 жылдық өкілеттігі ұзаруы ол өте керемет жаңа саяси науқан деп білемін. Бұл енді қазақ саны деген 7 саны өзі киелі сан ғой. Жеті сан жеті жылда жер жаңарады дейді. өздеріңіз білесіздер референдум өтті. Референдум аясында Конституцияға өте көп өзгертулер енгізіліп жатыр. Соның бәрі өте керемет бастама.


Хабарламаларға жазылу