«Таңшолпанда» - Ринат Сәтбаев және «Самға» тобы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Ринат Сәтбаев және «Самға» тобы

11.02.2015
«Таңшолпанда» - Ринат Сәтбаев және «Самға» тобы

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Ринат Сәтбаев және «Самға» тобы қонақта болды.

«Біз 2012 жылы құрылдық. Топтың атын әнші Ақылбек Жеменей өнердің биігінде самғасын деген ниетпен қойды.  Ұлықпан Жолдасов, Нұрлан Еспанов, Әдірахман Асылбек сынды ағаларымызбен тығыз байланыстамыз. Басты жаңалығымыз – жақында бейнебаян түсірдік. Болашақта да жағымды жаңалықпен қуантпақпыз»,-дейді  топ мүшелері.

Ринат Сәтбаев: «Бүгін бірге келгенімізді көрермен түсінбей жатқан болар. Менің «Самға» тобына еш қатысым жоқ. Бірақ, соңымыздың ерген інілеріміз болғандықтан, әрі Нұрлан Еспанов ағамыз бастаған кішігірім ұжымбыз, сол себепті біргеміз. Бұл топтың бір ерекшелігі – дәстүрлі әндерді де, эстрадалық әндерді де орындайды»,-дейді.

«Самға» тобының орындауындағы «Қаракөз қыз» әнін тыңдағыңыз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу