«Келбетте» - Құлбек Ергөбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбетте» - Құлбек Ергөбек

10.02.2015
«Келбетте» - Құлбек Ергөбек

Қазақ әдебиетінің сыны мен журналистикасына, филологиясына Құлбек Ергөбектің сіңірген еңбегі, қосқан үлесі қомақты.

Ол қалам тартпаған жанр кемде-кем. Оның қай-қайсысы болса да толған, толысқан, жан-жақты теориялық және практикалық тұрғыдан қалыптасқан дүниелер.

Қаламгер ғылым докторы атағын қорғаған тұста Әбділдә Тәжібаев: «Осы мен де доктормын. Осы сендер де докторсыңдар. Бірақ, осы доктор болып сендер не бітірдіңдер? Доктор болғаныма кейде мен де өкінемін. Құлбек доктор болмаса да жаза береді. Тіпті, Құлбекке докторлықтың керегі де жоқ»,-деген екен.

Төл әдебиетіміздің топырағын құнарландыра түсу үшін тынымсыз еңбектеніп келе жатқан қаламгердің шығармашылығымен бүгін 17.00-де «Келбет» хабарынан таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу