Ұлттық арнада – «Біздің әлем» би кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Біздің әлем» би кеші

08.02.2015
Ұлттық арнада – «Біздің әлем» би кеші

Серік Сариевтің «Жорға» би мектебінің негізі 1997 жылы қаланған. Алғашқыда 13 бишіден құралған ұжым бүгінде 400 адамға толыққан.

Серік Сариев бишілерге өздерінің шеберлігін көрсетіп қана қоймай, жалпы би өнерін насихаттау міндетін қояды. Сол себепті, би мектебі жыл сайын халық назарына концерт ұсынуды дәстүрге айналдырған.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 17.00-де «Жорға» би мектебінің «Біздің әлем» атты шығармашылық кешін көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу