«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі 2015 жылғы көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге республиканың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру мақсатында екінші деңгейлі банктерден өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Өтінімдерді қабылдау 30 күнде жүзеге асырылады.
Холдингтің мәліметінше, 2014 жылы егін жұмыстарын қолдауға ЕДБ-ге 20 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінген. Олардың игерілуі мен қайтарылуы 100 пайызды құрады.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.
Холдинг құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроГрант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.