Қазақстанның басым аумағында аязды ауа райы сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның басым аумағында аязды ауа райы сақталады

27.01.2015
Қазақстанның басым аумағында аязды ауа райы сақталады

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, боран соғып, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді деп күтілуде.

Температура түнде 22-27 градусқа, кей жерлерде 34-38-ге дейін төмендейді.

27 қаңтар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Жел күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Температура түнде 3-8 градусқа төмендейді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми сайты хабарлады.

Хабарламаларға жазылу