Аяғы қисық қыздың мұңы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аяғы қисық қыздың мұңы

26.01.2015
Аяғы қисық қыздың мұңы

Шыны керек, бүгінде әйел затының көпшілігі «Сұлулық – құрбандықты қажет етеді» деген біржақты қағиданы қолдайды. Сөйтіп, қас пен көзге, ерінге татуаж жасауды, кірпік, тырнақ, шаш жалғауды сәнге айналдырып, керек болса, дененің кез-келген мүшесін пластикалық ота арқылы өз қалау­ынша өзгертіп алатындар да бар. Ал, кей қыздардың тағы бір «проблемасы» - аяқтың қисықтығы.

Соңғы екі жылда  пластикалық хирургия клиникасында аяқ формасын түзетуге арналған операцияларға сұраныс артқан. Аяқтың қисық болуына не себеп?  Оны қалпына келтіруге бола ма?

Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» студиясында «аяғын түзеткісі» келетін қыз әңгімесімен бөліспек.

Хабарламаларға жазылу