«Айтуға оңай...». Махаббат Қайсарова: Арманым – анам өз аяғымен жүріп, екі аяқ киімді тең кисе екен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Махаббат Қайсарова: Арманым – анам өз аяғымен жүріп, екі аяқ киімді тең кисе екен

27.06.2017

Бағдарлама ауру анасына шипа іздеген бала, анасын көрмеген жетім бала және анасын ренжітіп алған перзенттің мұңы туралы болды. Солардың бірі - Махаббат Қайсарова.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын анам жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған болатын. Дәрігерлер протез салып берді. Бірақ, одан аллергия болып, шешіп тастауға мәжбүр болды. Қазір балдақпен жүреді. Бізге білдірмегенімен, қатты қиналып жүр. Балдақтан екі қолы қажалып, жұмыстан шаршап келген кездерінде анамды қатты аяймын.

Таяуда мен басылымдардың бірінен «Германияда өзі бүгілетін, ыңғайлы протез салып береді» дегенді естідім. Бірақ, оған жағдайымыз келмейді. Әкеміз жоқ. Анам сол үшін жұмыс істеуге мәжбүр.

Өзі өнерлі адам, қолынан келмейтіні жоқ. Анамның аяғы сау болғанда, үлкен жетістікке жетер еді. Менің арманым – анам өз аяғымен жүріп, екі аяқ киімді тең кисе екен», - дейді Махаббат.

Хабарламаларға жазылу