Қытайда шенеуніктерге үлкен кабинетте отыруға тыйым салынды

25.01.2015
Қытайда шенеуніктерге үлкен кабинетте отыруға тыйым салынды

Қытайдың реформалар және даму істері бойынша мемлекеттік комитеті министрлер мен губернаторлардың кабинеттері 54 шаршы метрден аспауы керек деген қаулы шығарды, деп хабарлады РИА Новости.

«Орынбасарлардың кабинеттері 12 шаршы метрге кем болуы тиіс.   Министрліктегі департамент және провинциядағы әкімшілік басшылары 30 шаршы метрден аспайтын кабинетте, ал олардың орынбасарлары 24 шаршы метрден аспайтын кабинетте жұмыс жасауы шарт», - деген ведомство құжатының сөздерін China Daily газеті келтірген.

Уезд жетекшілеріне 30 шаршы метрден аспайтын кабинетте жұмыс жасауға рұқсат етілді. Олардың орынбасарлары 18 шаршы метрден аспайтын кабинетте отыруы тиіс.

Басшылар кабинетіне жеке дәретхана мен демалыс бөлмесіне рұқсат берілген. Алайда көрсетілген параметрлерден аспауы тиіс. Орынбасарларға мұндай бөлмеге рұқсат берілмеген.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу