Түркияда Қазақстанның дамуына арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Қазақстанның дамуына арналған конференция өтті

24.01.2015
Түркияда Қазақстанның дамуына арналған конференция өтті

Ниде Университетінде (Ниде провинциясы, Түркия) «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Түркия президентінің Бас кеңесшісі Мұстафа Исен конференция жұмысына қатысып, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елдің ішінде ғана емес, өңірлік және әлемдік деңгейге бейбітшілік пен келісім мәселелерін көтеруі бойынша тарихи мұрасын атап өтті.

«Қазақстанда өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылар съезінің құрлығымызда бейбітшілік пен келісімнің орнығуына ықпал ететін маңыздылығын атап кеткім келеді», - деді Мұстафа Исен.

Түркия Президентінің кеңесшісі Қазақстан халқын 2015 жылы атап өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығымен, ҚР Конституциясының 20 жылдығы және Ассамблея жылымен құттықтады.

Конференция жұмысына академиялық топтардың өкілдері, қоғамдық-саяси қайраткерлер, студенттер қатысты.

Хабарламаларға жазылу