Данагүл Махат: «Отырар» кітапханасы ғылыми орталығы құрылғалы бері 100-ден аса еңбек жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данагүл Махат: «Отырар» кітапханасы ғылыми орталығы құрылғалы бері 100-ден аса еңбек жарық көрді

23.01.2015
Данагүл Махат: «Отырар» кітапханасы ғылыми орталығы құрылғалы бері 100-ден аса еңбек жарық көрді

«Отырар» кітапханасы ғылыми орталығы директорының орынбасары қызметін атқаратын тарих ғылымдарының докторы Данагүл Махат бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, кітапхананың тыныс-тіршілігі турасында әңгімелеп  берді.

«Отырар» кітапханасы ғылыми орталығы 2001 жылы Үкіметтің Қаулысымен құрылған. Бұл орталық алғашқыда университет кітапханасы болды.   2009 жылдан бастап ішкі өзгерістерге байланысты ғылыми орталық өз алдына жеке бөлініп шықты. Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі арнайы қоры, сондай-ақ, Әлкей Марғұлан, Кемел Ақышев атындағы қор деген сияқты  түрлі мемориалдық қорлар бізге қарайды.  Біз мұнда үш бағытта жұмыс істейміз. Ғылыми-зерттеу бағыты, ғылыми-мәдени қызмет көрсету және ақпараттық»,-дейді Данагүл Махат.

«Орталық құрылғалы бері 100-ден аса еңбек жарық көрді. 2014 жылы шыққан кітаптардың қатарында «Қазақ қолжазбаларының» 10 томдығы бар.  Көне дәуірден бүгінгі күнге дейін. Бұл кітап  бізде үш жыл қатарынан ғылыми жоба болды. Себебі, бұрын-соңды ғылыми айналымға енбеген. Қазақ тарихына, мәдениетіне қатысты қолжазбаларды оқып, зерттеп, жүйелеп, түпнұсқасы мен қазіргі аудармасына сәйкестендіріп, ғылыми айналымға шығарып жатырмыз. Бүгінде бұл кітаптың 8 томы шықты. Қалған екі томын 2015 жылы шығару жоспарда бар»,-дейді ғалым.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу