Павлодар облысы әкімінің Кубогы үшін жедел шахматтан халықаралық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы әкімінің Кубогы үшін жедел шахматтан халықаралық турнир өтеді

20.01.2015
Павлодар облысы әкімінің Кубогы үшін жедел шахматтан халықаралық турнир өтеді

Бақылау уақыты: бірінші жүрістен бастап әр жүріс үшін 10 секунд қосымша уақытпен партия аяғына дейін - 15 минут. Жарыс ХШФ (халықаралық шахмат федерациясы) ережесі бойынша жүреді.

Жүлде қоры 3 миллион теңге болатын жарысты Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Павлодар облысының Шахмат федерациясы ұйымдастыруда.

Қатысушылар:

Александр Халифман (Ресей) – халықаралық гроссмейстер, 1999 жылғы ХШФ классикалық шахматтан Әлем чемпионы, Олимпиаданың үш мәрте жеңімпазы.

Алексей Александров (Беларусь) – халықаралық гроссмейстер, шахматтан Еуропа чемпионы.

Адли Ахмед (Египет) – халықаралық гроссмейстер, Африканың екі мәрте чемпионы, Африка Олимпиада ойындарының үш мәрте чемпионы, Жастар арасындағы Әлем чемпионы.

Хулио Гранда Зунига (Перу) – халықаралық гроссмейстер, Американың төрт мәрте чемпионы.

Ли Молтон (Автралия) – халықаралық дәрежедегі шебер, классикалық, жедел және қарқынды шахмат ойындары бойынша Австралия чемпионы.

Евгений Владимиров (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның төрт мәрте чемпионы.

Павел Коцур (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның төрт мәрте чемпионы, Жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы.

Петр Костенко (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы, Жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы.

Әнуар Ісмағамбетов (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы, Жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы.

Ринат Жұмабаев (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы.

Турнир 28-30 қаңтар аралығында өтеді.

Хабарламаларға жазылу