Астанада әр типті 181 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды. Солардың қатарында 28 мыңнан астам бала тәрбиеленетін 156 балабақша; 21 мыңнан артық тәрбиеленушісі бар 81 мемлекеттік балабақша, 389 тәрбиеленушісі бар 2 мекемелік балабақша; бала саны 6 мыңнан асатын 73 жеке меншік балабақша; 3000 астам бала тәрбиеленетін 25 шағын орталық. Білім алатын балалардың жалпы саны 35 мың шамасында. Бұл туралы astana.gov.kz. сайты жазады.
Астана қалалық Құрылыс басқармасының мәліметін сүйенсек, өткен жылы қалада балаларға арналған 3 оқу орны пайдалануға берілді. 2014 жылы аяқталады деп жоспарланған басқа оқу орындарының құрылысы 2015 жылдың бірінші кварталына ауыстырылды.
Биыл елордада 3000 астам орынға арналған 14 балабақша мен 60 орындық балабақшаға қосымша бір ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Мемлекеттік комиссиялардың 720 орындық 3 балабақша бойынша актілеріне қол қойылды:
1) Айнакөл мен Жұмабаев көшелері қиылысы маңында 240 орындық балабақша;
2) Нәжімеденов пен Мирзоян көшелері қиылысы маңында 240 орындық балабақша;
3) Түркістан, Керей мен Жәнібек хандар және Орынбор көшелері кварталында 240 орындық балабақша.
2440 орындық 10 балабақша мен 60 орындық қосымша ғимараттың құрылысы жалғасуда:
1) №4 «Аружан» балабақшасына 60 орындық қосымша ғимарат;
2) Сауран мен №24 көшелер қиылысы маңында 240 орындық балабақша;
3) Түркістан- Орынбор-№25-№26 көшелері қиылысы маңында 200 орындық балабақша; 4) Көктал-2 елді мекенінде 240 орындық санаториялық балабақша;
5) Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №1 балабақша;
6) Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №2 балабақша;
7) Комсомольский елді мекенінде Қыз Жібек пен Ұлпан көшелері қиылысында 280 орындық балабақша;
8) Комсомольский елді мекенінде Қыз Жібек пен Баян Сұлу көшелері қиылысында 280 орындық балабақша;
9) №23 көше ауданында (Орынбор мен №36 ортасында) 240 орындық балабақша;
10) Үркер шағын ауданында 240 орындық балабақша;
11) Айнакөл мен Мирзоян көшелері қиылысы маңында 240 орындық балабақша.