Ұлттық арнада - «Джунгли кітабы. Сафари» мультхикаясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада - «Джунгли кітабы. Сафари» мультхикаясы

09.01.2015
Ұлттық арнада  - «Джунгли кітабы. Сафари»  мультхикаясы

Ұлттық арна кішкентай көрермендер үшін «Джунгли кітабы» мультхикаясын ұсынады. Мультхикая Джозеф Редьярд Киплингтің «Джунгли кітабы» шығармасының желісі бойынша түсірілген. Басты кейіпкер – орманда өскен адам баласы  Маугли.

Мауглиді  кішкентай кезінде әке-шешесі джунглиде жоғалтып алады. Баланы жануарлар тауып алып, оны асырап алуға бел буады. Сөйтіп, ақылды аю Балу мен джунглидегілердің бәрі сескенетін қара қабылан Багира Мауглидің отбасына айналады.

Маугли және оның достарының басынан кешкен қызықты оқиғаларын «Джунгли кітабы. Сафари»  мультхикаясынан тамашалаңдар.  Сондай-ақ, мультхикаяда құпиялы әрі қауіпті джунгли әлемінің басқа да жануарлары туралы қызықты ақпараттар айтылады.

Ұлттық арнада бүгін сағат 14.55-те.

Хабарламаларға жазылу