Маугли, Балу және Багира жануарлар әлеміне шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маугли, Балу және Багира жануарлар әлеміне шақырады

05.01.2015
Маугли, Балу және Багира жануарлар әлеміне шақырады

Жануарлар әлемі туралы білгің келе ме? Сен білмейтін аңдардың күнделікті тіршілігі қызықтыра ма? Жәндіктер немен қоректенетінін білесің бе?

«Джунгли кітабынан» аңдар туралы мәліметтер алуға мүмкіндік туды. Мауглимен бірге жануарлар әлемінің құпиясын ашуға шақырамыз.

Мультхикаяда Маугли, Балу және Багира орманда, мұхиттарда тіршілік ететін аңдар, құстар, балықтар мен жәндіктер туралы қызықты мәліметтер айтып береді. Жануарлар әлеміне сүйікті кейіпкерлеріңмен бірге саяхатта. 

Ұлттық арнада - «Джунгли кітабы. Сафари» мультхикаясы. Бүгін сағат 14:50-де.

 

Хабарламаларға жазылу