Геннадий Головкин Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатын өткiздi (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатын өткiздi (ФОТО)

08.01.2015
Геннадий Головкин Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатын өткiздi (ФОТО)

Геннадий баспасөз мәслихаты өтетiн мейрамхана алдында жиналған жанкүйерлерiне қолтаңба берді. Осыдан кейін оның командасы тiлшiлермен сұхбаттасты.

Баспасөз мәслихатына бапкер Абель Санчес, промоутер Том Леффлер және HBO Sports өкiлi Рэй Сталлоне қатысты.

«2015 жыл Головкин үшiн өрлеу жылы болады. Ол атақты боксшылармен жұдырықтасады», - деп сенiм бiлдiрдi Том Леффлер.

Еске сала кетейiк, Геннадий Головкин 21 ақпанда Монакода Мартин Мюрреймен шаршы алаңға шығады.

Головкин-Мюррей кездесуiнiң жеңiмпазы Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттомен жекпе-жекке шығуға мүмкіндік алады.

 

Фото: ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Геннадий Головкиннің жанкүйерлер парақшасынан

Хабарламаларға жазылу