Сарапшылар: Теңге бағамы тұрақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Теңге бағамы тұрақталады

09.11.2015
Сарапшылар: Теңге бағамы тұрақталады
Жақын арада долларға шаққанда 260-280 теңгеге дейін нығаюы мүмкін.

Себебі осы қараша айы экспорттаушылар үшін салық төлемдерін жасайтын кезең. Яғни, нарықта ұлттық валюта көбейеді. Жалпы алғанда, қазіргі бағамның құбылып тұруы әлемдік дағдарыс кезінде қалыпты жағдай дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, мамандардың пікірінше, теңге құнының ары қарай қатты әлсіреуіне негіз жоқ. АҚШ валютасы 300-320 теңге аралығында ауытқып тұруы мүмкін.

Ламбриан ТОПУЗИДИС

Хабарламаларға жазылу