Алматыда теннистен «Вельц мемориалы» дәстүрлі халықаралық балалар турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда теннистен «Вельц мемориалы» дәстүрлі халықаралық балалар турнирі өтеді

05.01.2015
Алматыда теннистен «Вельц мемориалы» дәстүрлі халықаралық балалар турнирі өтеді

Ертең ЦСКА теннис корттарында «Вельц мемориалы» халықаралық балалар турнирінің шымылдығы салтанатты түрде ашылады. Шара ҚР Теннис федерациясының ұйымдастыруымен өтпек.

Қазақстандағы теннистің негізін қалаған Августин Вельцтің 100-жылдығына арналған спорттық шараға қонақ ретінде Августин Вельцтің шәкірттері қатысады. Олардың қатарында шетелден келетін КСРО спорт шеберлері Алексей Рудь (Молдова), Ольга Мавродий (Украина) Лилия Максимова (Италия), Михаил Ставбунский (Израиль) және отандастарымыз – әйгілі жаттықтырушының ұлы мен немересі Владимир және Алиса Вельцтер, Алла Венина, Венера  Баширова, Марина Ткаченко, Валерий Ковалев және Валерий Литвиновтер де бар.

Еске сала кетейік, «Вельц мемориалы» халықаралық балалар турнирі Алматыда 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Хабарламаларға жазылу